Басты бет » Әлеумет » Су көлемі көбейді

Су көлемі көбейді

Ырғыздың ауызсуының мәселесі жылдар бойы қордаланып қалған еді. Бірқатар оңды өзгерістер болып жатқанымен, аудан тұрғындары сумен қамтамасыз ету мәселесіне әлі де риза емес.

Ақши ауылында тұрған насостың өнімділігі аз. Ол жерге өнімділігі жоғары насос орнатылса, Ырғызға дейін тартылған пластикалық құбырлар қысымды көтермейді.  Сондықтан бұл насоспен аздап жіберілген су Ырғызға толық жетпейді.

Өткен аптада Ақши-Ырғыз аралығына тағы бір насос қойылды. Ол Ақшиден келген суды Ырғызға жаңа күшпен айдайды. Бұл Ырғыздағы резервуарға судың әлдеқайда молырақ келуіне ықпал етеді. Осылайша, Ырғыздағы судың жағдайы біртіндеп оң шешімін тауып келеді.

 Өз тілшіміз.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*