Басты бет » Ресми » «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өтетін Мәртөк ауданы күндерінің бағдарламасы

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өтетін Мәртөк ауданы күндерінің бағдарламасы

Ақтөбе қаласы, 10-12 тамыз

11 тамыз

10.00-11.30 —  «Қартқа құрмет — жасқа міндет» атты концерттік бағдарлама. Өтетін орны: облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйі.

15.00-16.30 —  Ақтөбе қаласы әкімдігінде «Іскер әйелдер» клубы мүшелерімен бірлесе «Қаладан — ауылға» атты жұмыссыз азаматтарды ауданға еңбекке тарту шарасы.

17.00-20.30 —  Ақтөбе және Мәртөк командалары арасында футбол, волейболдан жолдастық кездесу. Өтетін орны: Ақтөбе қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

18.00-20.00 —  «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан!» атты Ақтөбе қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Мәртөк және Орынбор облысының Ақбұлақ ауданы этномәдени бірлестіктерімен «Локомотив» ретро-саябағында «Славян базары» мерекелік шарасы.

 

12 тамыз

8.00-14.00 —  «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, тегін медициналық қызмет көрсету, кеңес беру. Концерттік бағдарлама.

10.00-11.00 —  Қазақтың тұңғыш дәрігер қызы Аққағаз Досжанова атындағы көшедегі ескерткіш алдында салтанатты жиын:

– гүл шоқтарын қою рәсімі;

– «Туған жерге тағзым» акциясы аясында аудан кәсіпкерлерінің елге тартуы;

– су тасқынынан зардап шеккенндерге қайырымдылық акциясы.

19.00-22.00 —  ҚР Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта «Мерейлі менің Мәртөгім» атты мәдени-бұқаралық шаралар:

– Мәртөк, Ресей Федерациясы Ақбұлақ ауданы көркемөнерпаздарының концерті

– Ұлттық қолөнер шеберлері көрмесі.  Мәртөк брендтері көрмесі,

«Мәртөк — шекаралық аудан» шекарашылар өмірінен көрме, шекарашылар қызметінен көрініс, жас сарбаздар арасында автоматты бөлшектеу және жинау, нысана ату;

– Спорттық ойындар (үстел теннисі, армстрестлинг, гір тасын көтеру, шахмат, дойбы, автокартинг, «Әкем, Анам — бәріміз, спорт сүйер қауымбыз» эстафетасы, күштік экстрим ойындары);

– Мәртөк техникалық өнер мектебінің кемені моделдеу, ұшақ моделдерін ұшыру көріністері;

– Оқушылар үйінің туризмді насихаттау шарасы;

«Менің туған жерім» тақырыбында мұражай көрмесі;

«Достық үйіне — 10 жыл» аудандық этномәдени бірлестіктері асханасы мен салт-дәстүрлері.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*