Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Алматы түбінде ұшақ құлады: Екі адам қаза тапты

Алматы түбінде ұшақ құлады: Екі адам қаза тапты

Алматы түбінде ұшақ құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұшақ Азаматтық авиация академиясына тиесілі екен. Курсант пен инструктор қаза тапқан.
Азаматтық авиация Комитеті өкілдерінің мәліметінше, бүгін сағат 09.53-те “Технам 2002” әуе кемесі Азем аэродромынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындағаннан кейін құлаған.
Қазіргі уақытта ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Көлік апаттарын тергеу департаменті тергеуді бастады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*