Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » Төртінші қабаттан құлаған 10 жасар бала аман қалды

Төртінші қабаттан құлаған 10 жасар бала аман қалды

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Риддер қаласында 10 жастағы ұл бала ойнап жүріп төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қайғылы оқиға туралы Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқыс оқиға кеше, 8 тамыз күні кешке сағат 20:00 шамасында тіркелген. Риддер қаласының бесінші шағынауданында құрылысы аяқталмаған 5 қабатты ғимараттың 4-ші қабатында 2006 жылы дүниеге келген бала ойнап жүріп, абайсызда аяғы тайып төменге құлап кеткен. Дене жарақаттарын алған жас бала ауруханаға жеткізілген.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі оқиғаның Звездная көшесінде тіркелгенін хабарлайды. Биіктен құлаған жас баланың қандай дәрежеде жарақат алғаны айтылмайды.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*