Басты бет » Денсаулық » Басты міндет — сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету

Басты міндет — сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе медицина кластерінің жұмысымен танысты» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ол балалар және ересектер корпустарын аралап көріп, палаталарды және заманауи жабдықтарды қарады, медицина қызметкерлерімен және емделушілермен әңгімелесті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Ақтөбе медицина кластерінің даму жоспарлары туралы хабардар етті.

Қазіргі уақытта емделушілерді мерзімділік категориясы бойынша іріктеуді білдіретін «триаж» халықаралық жүйесі бойынша ересектер мен балалар стационарлары қабылдау орнын қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жасалуда. Емделушілер жеке бағдарлама бойынша кешенді тексеруден өте алатын Check up орталығы құрылысы бойынша оңтүстіккореялық мамандармен келіссөздер жүргізілуде.

Өткен айда позитронды-эмиссиондық топография орталығының құрылысы басталды. Онда онкологиялық сырқатты алғашқы сатысында жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін тексерудің инновациялық әдістері қолданылатын болады.

Сондай-ақ балалар стационарында алдағы қыркүйек айында мамандарды балалық жастағы сырқаттарды біріктіріп емдеуге үйрету бойынша облысаралық симмуляциялық орталық ашылатын болады.

Медициналық мекемелердің жұмысымен танысқан облыс әкімі Ақтөбеде жоғары деңгейдегі медициналық кластерді құрудың маңыздылығын атап көрсетті.

«Басты міндет — Ақтөбе облысының, көрші өңірлер мен шекаралас республикалардың тұрғындары осында Ақтөбеде сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерге ие болуы тиіс. Бұл үшін біз озық шетелдік тәжірибені белсенді енгізіп, төсек қорын ұлғайтуды қарастырып, білікті кадрлар даярлаумен және ұсынылатын медициналық қызметтер ауқымын кеңейтумен шұғылдануымыз керек», — деп тапсырды Б.Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*