Басты бет » Құқық » Жадынама таратылып, сенім телефондары орнатылды

Жадынама таратылып, сенім телефондары орнатылды

Бүгінде Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия жоспарға сәйкес жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп келеді.

Әскери қызметшілерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған комиссия жыл басынан бері 7 отырыс өткізді.

Комиссия отырыстарында басқарма ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бөлім басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалып, әскери қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділік» көзқарасын қалыптастыру, жемқорлық құқықбұзушылықтың алдынт алу, басқа құқық қорғау, арнайы органдармен бірлесе жұмыс жасау мәселелері қаралды.

Жеке құрамнан сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бермеу мақсатында ҚР «Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес туралы» Заңы, ҚР Қылмыстық Кодексі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі бойынша білімдерін анықтау мақсатында үнемі тестілеу өткізіліп тұрады. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлық деректері анықталған жағдайда іс-қимыл тәртібі, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзу әрекетіне жәрдем беру туралы түсінік беру жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жадынама әзірленіп таратылды.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасына сәйкес Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жеке құрамына Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының, әскери полициясының сенім телефондары орнатылды. Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармада жемқорлықтың алдын алу жоспарына сәйкес бірнеше шара ұйымдастырылды.

Заңды белшесінен басып, жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соның зардабын шеккен тұлғалардың тағдыры кімді болмасын ойландырары анық. Осы мәселенің жай-күйін біліп, сезінсін деген мақсатпен жуырда жеке құрам Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшыларының рұқсатымен КА-168/1 мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған сезікті, айыпты азаматтармен кездесті. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың себеп-салдары сөз болып, оны болдырмаудың жолдары қаралды. Әскери қызметшілер жергілікті халыққа қорғаныс саласындағы бірнеше мемлекеттік қызметті көрсетеді. Сондықтан азаматтардың сенімінен шығу, Қазақстан Республикасы Конституцияның тұтастығына нұқсан келтірмеу — Отан алдында адал қызмет етіп жүрген қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметшілерінің мызғымас қағидасы.

М.Сапаров,
Ақтөбе қалалық қорғаныс істер жөніндегі басқарманың

құқықтық жұмыс жөніндегі қызмет басшысы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*