Басты бет » Әлеумет » Кастингке қатысыңыз!

Кастингке қатысыңыз!

«Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» компаниясы «Көшбасшы жолы. Астана» және «Томирис» кең ауқымды көркем фильмдері бойынша кастинг жариялайды. Фильмнің қоюшы режиссері — Ақан Сатаев.

Кинотуындыға іріктеу кезеңі 17-18 тамыз күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда өтеді.

Ұйымдастырушылар кастингке жасы 16-дан асқан азаматтарды шақырады. Ал, іріктеуге қатыса алмайтындар өзі туралы мәліметтерін casting_satai@mail.ru поштасына жіберуге болады. Аталған электронды поштаға өзіңіздің аты-жөніңіз, туған жылыңыз, ұлтыңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, оқу орныңыз, жұмыс орныңыз байланыс телефоныңыз және тағы да басқа ақпараттарды жолдау керек. Сонымен қатар фотосуретті де жолдау міндетті.

Кастингке қатысушы қыздар бояусыз, жасанды қас (татуаж) пен жасанды кірпіксіз келулері шарт.

Ең алдыңғы кезекте театр және кино актерлары қабылданады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*