Басты бет » Әлемде » Мысырда ақ акула адамға шабуыл жасады

Мысырда ақ акула адамға шабуыл жасады

Мысырдың курортты қаласы -Хургадада ақ акула адамға шабуыл жасады. Бұл жайлы Ресей СІМ ситуациялық-дағдарыс орталығының Твиттердегі парақшасында жарияланды.
Ведомство хабарламасында зардап шегуші жайлы ешқандай мәлімет берілмеген.
Соңғы рет акулалар адамға Хургада ауданындағы жағалауда 2015 жылдың наурыз айында шабуыл жасаған. Ол жолы ақ акуланың адамды шабуылы салдарынан Эль-Кусейр шипажайында демалып жатқан германиялық турист қаза тапқан болатын. Жыртқыш ер азаматтың аяғын тістеп алған. Ол қан тоқтамай, ауруханаға барар жолда көз жұмған.

inform.kz

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*