Басты бет » Құқық » Жариялылық пен ашықтық арқылы

Жариялылық пен ашықтық арқылы

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда барлық күш-жігерімізді біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Бүгінгі күні «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-де Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарының сақталуы бойынша мәжілістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, тиісті шаралар қолдануда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мекемеге бағынышты «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС ұжымына аталған мәселе жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, автобустарда сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда call-орталықтың номерлері көрсетілген ақпараттық хабарламалар таратылды.
Сонымен қатар, жол мәселесі бойынша мекемеге келген азаматтарды бөлім басшысы қабылдап, азаматтардан түскен сауалдар жазбаша қаралып, Заң талабына сәйкес жауап берілуде. Бүгінгі күні жыл басынан бері100-ден аса азаматтардан өтініш түсіп, барлығына жауап қайтарылды.
Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты тиімді жұмсауда мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы ең басты міндет болып табылады. Мемлекеттік сатып алу конкурстары қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес толық жүргізіледі. Конкурсқа қатысқан мердігерлердің арыздары мұқият қаралып, нақты дәлелденіп жауап беріледі.

Р.ТӨРЕҒАЛИ,
«Ақтөбе қаласы жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары» ММ басшысы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*