Басты бет » Жастар » Жарнама сауаттылығы түсіндірілді

Жарнама сауаттылығы түсіндірілді

Ақтөбе қаласындағы №20 мектеп-лицейінде «Көрнекі ақпарат пен жарнама сауаттылығы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты — жарнама мәдениетін дамыту, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы», «Жарнама туралы» заңдарының талаптарына көрнекі ақпарат пен жарнама мәтінін сәйкестендіру, жарнама саласында қазақ тілінің нормасының сақталуын насихаттау.

Көшедегі қате жарнамаларды түсіндіруге бағытталған семинар-тренингті облыстық тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Инновациялық технологиялар арқылы демократияны оқыту орталығы» ұйымдастырды. Шараға қаладағы жарнама агенттіктерінің өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Облыстық тілдер басқармасының ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Ұлболсын Надарбекованың айтуынша, апта сайын қаладағы жарнама қателіктерін жою мақсатында рейдтер ұйымдастырылып тұрады. Биыл жыл басынан бері осыған қатысты 101 заңбұзушылық анықталған. Сондай-ақ оларды түзету мақсатында ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. 64 қате қайта түзетілді. Нәтижесінде, биыл 2016 жылмен салыстырғанда жарнама қателері 3 пайызға азайған.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*