Басты бет » Жаңалықтар » Аукционға 55 өтінім түсті

Аукционға 55 өтінім түсті

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету аясында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 13 жер учаскесін жалға беру бойынша аукцион өтті.

Осымен 9-шы рет өткен кезекті аукцион Ақтөбе қаласы және оның маңындағы жерлерге қатысты болды. Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне көп қабатты тұрғын үйлер, демалыс базаларын, монша кешенін, автогаз құю стансаларын, балабақша, таунхаус, өндірістік базалар, спорт кешендерін, сауда және медициналық орталықтар орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Айта кету керек, жер учаскелері 3 жылға жалға беріледі. Аукционға қатысуға 55 өтінім келіп түскен.

— Бүгін біз  аукционға 13 жер учаскесін қойып отырмыз. Оның жалпы аумағы — 5,7 гектар. Оның құны — 5,6 миллион теңге. Жер учаскелері жалға беріледі, — дейді Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

Аукцион барысында әр жер учаскесі туралы мәлімет беріліп, бастапқы бағасы айтылып отырды. Ағылшындық әдіс бойынша жүргізілген аукционға қатысушылар аз болған жоқ. Жер телімдеріне анау айтқандай бәсекелестік байқалмаса да, әрқайсысына 2-3 үміткерден таласты.

Аукцион барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар да туындап жатты. Мәселен, кепіл төлем жайлы сұрағандар кездесті.

Аукцион қорытындысы бойынша жалпы көлемі 5,7 гектар құрайтын барлық 13 жер учаскелері 41,2 млн теңгеге сатылды.

 Өз тілшіміз.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*