Басты бет » Білім » Оқытушылар қолдау білдірді

Оқытушылар қолдау білдірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультеті оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шарада оқытушылар биылғы жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін Д.Қонаев атындағы тау-кен істері институтының ғалымдары ұсынған ғылыми жұмыстарды талқылап, байқауға жіберілген жобаны бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында техникалық факультеттің деканы Өтеген Сариев пен техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының профессоры  Серік Құлнияз байқауға ұсынылған ғылыми еңбектердің маңыздылығына тоқталып, өздерінің пікірлерін білдірді.

Өкінішке қарай, байқауға қатысып отырған топтың жетекшісі Диас Бөкейханов өмірден озды. Алайда оның ізін жалғастырып жүрген ғалымдар аз емес. Бүгін біз сол ғалымдарды, олардың ғылыми  жұмыстарын қолдайтынымызды білдіру үшін бас қосып отырмыз. Қазір Мемлекеттік сыйлық үшін жарияланған байқау кезең-кезеңмен өткізіліп жатыр. Қорытындысы жыл аяғында белгілі болады, — дейді С.Құлнияз.

 Д.ҚАЗИХАН.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*