Басты бет » Әлеумет » 6 айда 190 аз қамтылған отбасы 18,4 млн теңге шартты ақшалай көмек алды

6 айда 190 аз қамтылған отбасы 18,4 млн теңге шартты ақшалай көмек алды

«Өрлеу» жобасы Ақтөбе облысында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап облыс орталығы мен Мәртөк, Мұғалжар аудандарында жүзеге асырылып, кейін 2016 жылдан бастап облыстың барлық аудандарында іске қосылды.

Жобаның басты мақсаты — аз қамтылған отбасылардың нақты табысын арттыру, оларды өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейіне жеткізу.

Жобаға қатысудың негізгі шарттары — отбасының орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болуы керек және еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді түрде қатысу керек.

Биыл аталған жобаны жүзеге асыру үшін облыс бойынша 72,9 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 47,6 млн теңге, жергілікті бюджеттен 25,3 млн теңге бөлінді. Оған облыста құрамында 947 адам бар 208 аз қамтылған отбасы қатысады.

Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін облыс бойынша құрамында 1018 адам бар 190 аз қамтылған отбасына 18,4 млн теңге көлемінде шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Жасалған әлеуметтік келісімшарт негізінде жобаға қатысқан 260 еңбекке қабілетті азамат жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы бойынша — 4 адам, тұрақты жұмысқа орналасқандар  саны — 119 адам, қоғамдық жұмысқа жіберілгендер — 83, әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар — 45, қайта даярлау, біліктілікті арттыруға   жіберілгендер саны — 8, жастар тәжірибесіне жіберілгендер саны — 1.

Нәтижесінде жобаға қатысушы отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табыстары 6,8 мың теңгеден 17,7 мың теңгеге дейін көтерілді.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін үміткер жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округ әкімдігіне өтініш бере алады.

 

А.ЖОЛДЫБАЕВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы.

Ақтөбе қаласы.

 

Бір пікір

  1. Елдегі жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз, егер статистикаға сенсек. Барлық мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен нұсқауларына келіссек те, оның тиімділігі мен нәтижесі онбай жатыр. Жүзеге асырудағы қосалқы мәселелер төтеп беріп жатыр. Ең бастысы жемқорлық!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*