Басты бет » Жаңалықтар » Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау жасалады

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау жасалады

«Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен өткен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында инклюзивті білім беруді дамыту және мүгедек балаларға көмек көрсетуге байланысты мәселелер талқыланды» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша 2016 жылы оңалтудың жекелеген бағдарламасы бойынша 94 мүгедек бала орындық-арба алды, тағы 96-сы көмекші техникалармен қамтамасыз етіліп, 246 балаға протездік-ортопедиялық бұйымдар берілді, 13 бала шипажайлық-курорттық сауықтыруға жіберілген.

Ағымдағы жылы мүгедек балаларға көрсетілетін шығынының бюджеті үш есеге артты.

Бұған қоса, 18-29 жас аралығындағы мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту, Алға, Қандыағаш, Хромтау секілді шағын қалаларда  инватаксидің болмауына қатысты мәселелер қозғалды.

Биылғы бірінші жартыжылдықтағы мәлімет бойынша өңірде 3 мыңнан аса мүгедек бала тұрады.

Ақтөбе адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы жұқпасы аз тараған өңірлердің қатарына жатады және еліміз бойынша 13 орында.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*