Басты бет » Әлеумет » Суға түсу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс

Суға түсу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша суға түсу маусымы басталғалы бері тоғандарда 12 оқиға тіркеліп, 14 адам қайтыс болған. ТЖД қызметкерлерінің күшімен 4 адам құтқарылса, оның біреуі — бала.

Облыс орталығында ресми түрде 4 жағажай жұмыс жасайды. Алайда, ексеру шаралары кезінде иелерінің рұқсат құжаты жоқ тағы 6 ақылы жағажай анықталды.

Өңірде барлығы 25 суға түсу орны бар, оның ішінде 12 ақылы және 13 коммуналдық жағажай. Суға түсу маусымы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына 6 миллион қарастырылған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төтенше жағдайлар департаментіне азаматтар суға түсетін орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*