Басты бет » Рухани жаңғыру » Депутаттар құрылыс жұмыстарын көрді

Депутаттар құрылыс жұмыстарын көрді

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Орск-Ақтөбе автомобиль жолының құрылысымен танысты.

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері —  Асылбек Смағұлов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракендер Орск-Ақтөбе автожолының бойындағы құрылыс барысын көріп, сондағы мердігер мекеме жұмысшыларымен кездесті. Мақсат — мемлекет қаржысына салынып жатқан жолдың құрылысы қандай дәрежеде атқарылып жатқанын бағамдау.

— Осы сапарымыз арқылы Парламент қабырғасында қандай жұмыстар істеліп жатыр, сол туралы осындағы жұртшылыққа жан-жақты хабар  берсек дейміз. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру — басты мақсаттарымыздың бірі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан жолдардың құрылысын да бақылап жүрміз. Соның аясында, міне, осы автожолдың бойына келдік.

Бұған дейін Хромтау, Әйтеке би аудандарында болдық. Енді Ырғызға қарай аттанғалы отырмыз. Осындағы жұмыс сапарымыз он күнге созылмақ, — дейді Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов.

Жобаның жалпы құны — 3 миллиард 200 мың теңге. Құрылысшылар жолды толықтай келер жылы пайдалануға береді деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұнда жүзден астам жұмысшы еңбек етіп жатыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*