Басты бет » Әлеумет » Ауаға таралатын жағымсыз иіс қайтсе азаймақ?

Ауаға таралатын жағымсыз иіс қайтсе азаймақ?

Ақтөбе қалалық әкімдігінде өткен жиында қаланың экологиялық жағдайы талқыланды.

Қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен жиында қала ауасының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы және «Ақбұлақ» АҚ-на қарасты тазалау құрылғылары кешенін қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстарды қолға алу мәселелері қаралды. Бұл мәселелер бойынша облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов, «Қазгидромет» РМК-нің облыстық филиалының техник-химигі Дания Қанымқұлова және «Ақбұлақ» АҚ-ның бірінші вице-президенті Амангелді Боранқұлов сөз сөйледі. Сондай-ақ, жиынға қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары қатысты. Өндіріс барысында ауаға зиянды қалдықтар бөлетін бірқатар кәсіпорындардың өкілдері де жиынға келіп, экологиялық ахуалды жақсарту үшін жасалатын шараларға қатысты сауалдарға жауап берді.

Ақтөбе облысының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған шаралар жоспары бар. Онда 16 нақты шара қарастырылған. Қала әкімі І.Испановтың айтуынша, бұлардың 13-і — Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалына, соның ішінде ауаны жағымсыз иістен арылтуға бағытталған шаралар.

Қазіргі күні қалада 3 жерде — Кірпішті ауданы мен 41-разъезде, өнеркәсіптік аймақта — кәріздік сорғы стансасының құрылысы жүріп жатыр. Оның біреуі — осы айда, қалған екеуінің құрылысы тамыз айында аяқталады. Жалпы, қалада 53 кәріздік сорғы стансасы бар. Олардан шығатын жағымсыз иісті біршама азайтуға септігі тиетін қондырғылар орнату ісі қолға алынған. Бұл үшін «Абас сервис групп» ЖШС-мен, сондай-ақ, ресейлік компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ақбұлақ» АҚ-на қарасты тазалау құрылғылары кешенін қалпына келтіруді бастау үшін жобалау жұмыстары жүргізілген. Енді жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді.

Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтар төгілетін қалалық полигон маңына 140 гектар жерге шыбықтар отырғызылған.

Жиын қорытындысында жауапты тұлғалар мен кәсіпорындар басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

А.САРЫБАЙ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*