Басты бет » Жаңалықтар » Жаңа атау: Әбидолла Биекенов көшесі

Жаңа атау: Әбидолла Биекенов көшесі

Облыстық сот ғимараты алдында Қазақ КСР Жоғарғы Сотының бұрынғы Төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері  Әбидолла Биекеновке Ақтөбе көшелерінің бірінің атын беруге арналған салтанатты жиын өткізілді.

Оған облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, Әбидолла Биекеновтың туыстары қатысты.

Шара барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ермек Қанапиев жиналған жұртшылықты өңір судьяларының атынан атаулы күнмен құттықтады. Ол Әбидолла Биекеновтің отыз бес жасында, яғни соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдары  Жоғарғы Сотты басқарғанын айта келе, оның сот жүйесінің дамуына зор үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті, танымал тұлға екеніне тоқталды.

— Біз  қысқа ғана еңбек өмірбаянында еліміздің сот жүйесінде айшықты із қалдырған қазақтың біртуар ұлдарының бірі — Әбидолла Биекеновтің жарқын бейнесін ерекше мақтанышпен жадымызда сақтаймыз, құрметтейміз, — деді ол.

Іс-шара соңында Әбидолла Биекеновтің ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Н.ДӘУІРОВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*