Басты бет » Жаңалықтар » Жас мамандарға куәлік табыс етілді

Жас мамандарға куәлік табыс етілді

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов №3 басқарушы компанияның аумағында 17 жас маманға полиция көмекшісі куәлігін табыс етті. 

Шараға қалалық мәслиxат депутаттары, жұмыспен қамту органдарының  өкілдері, басқарушы компаниялар және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Маусым айында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қалалық жергілікті полиция қызметіне көмекші ретінде түлектер мен жастарды жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жаңа жоба қолға алынған болатын. Соған байланысты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде, Қазақ-Орыс халықаралық университетінде құқықтану мамандығының түлектерімен жұмыс жүргізілді. Сөйтіп, жаңа жоба «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Аталған жоба бойынша, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі жастар жұмыс істейтін болады.

Тәжірибе ұзақтығы — 6 ай. Олардың әрқайсысына 56 мың теңгеден жалақы төленеді. Жастардың мекемеде одан әрі жұмыс істеуі өздеріне ғана  байланысты. Тиянақты жұмыс істеген жастар тұрақты қызметке алынады. Олар тек қана полиция бөлімдерінде емес, сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаментінде де жұмыс істеулеріне болады, — деді Ілияс Испанов.

Қазір Ақтөбе қаласындағы 4 полиция бөлімінде (Зауыт, Елек, Сазды, Заречный) 27 жас маман полиция көмекшісі болып еңбек етеді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*