Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбе тұрақтандыру қоры жүйелі жұмыс істейтін үш облыстың қатарында тұр

Ақтөбе тұрақтандыру қоры жүйелі жұмыс істейтін үш облыстың қатарында тұр

Тұрақтандыру қоры жүйелі түрде жұмыс істейтін үш облыстың бірі — Ақтөбе. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

«Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қаралды» деп хабарлайды www.primeminister.kz сайты.

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тұрақтандыру қорларының жұмысы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт өсуі туралы баяндады.

— Әкімдіктер өткен жылдың өні­мі есебінен тұрақтандыру қор­ларына азық-түлікті — картоп пен көкөністі көптеп сатып алғанда қазіргі жағдай туында­мас еді, — деді Қайрат Айту­ғанов.

Зерттеулерге сәйкес, азық-түлік өнімдері тұрақтандыру қор­ларына тиісті деңгейде сатып алынбайды. Соның салдары­нан дәл сол тауарлардың бағасы көтеріледі. Қазіргі кезде тұрақтан­дыру қорларына сатып алынған картоп­тың үлесі 16 пайызды құраса, пияз — 7 пайыз, ал қырыққабат 5-ақ па­йызды құрап отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрінің айтуынша, тұрақтандыру қорындағы сатып алынған өнімдердің басым бөлігі Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарына тиесілі.

— Басқа облыстарда азық-түлік өнім көлемі айтарлықтай аз. Аймақтық тұрақтандыру қорларына қаржы бағаны тұрақтандыру мақсатында бөлінді емес пе, — деді Қ.Айтуғанов.

Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

ҚР Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне бағаларға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету міндеттелді.

Владимир БУРЬЯНОВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*