Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік

Мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік

Кеше облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мемлекеттік «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына қатысты құрылған кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерінің 4 ұсынымы қаралған. Олардың дені мемлекеттен субсидия алуға үміттеніп отыр.

— Ұсыным авторлары тек қалада ғана емес, Хромтау, Мәртөк сияқты аудандарда да кәсібін жүргізіп отырғандар. Мәселен, мәртөктік Бану Тілегенова санаторий-сауықтыру орталығын салуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер марал жануарын асырамақшы. Құрылыс ісімен айналысуға ниетті іскер жандар да бар, — дейді ол.

4 жоба жүзеге асқан жағдайда, жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жыл басталғалы 136 кәсіпкер қолдауға ие болған.

 

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*