Басты бет » Әлеумет » «Адырнаның» жаңа нөмірі шықты

«Адырнаның» жаңа нөмірі шықты

Ақтөбеден шығатын әдеби-көркем, көпшілік «Адырна» журналының биылғы жетінші саны жарық көрді.

Журналдың поэзия бөлімінен оқырмандар «Айкезбе дертім асқынар ма еді…» деген тақырыппен — Гүлімай Қуанышеваның; сонымен бірге Жадыра Байбұланованың және Мирас Асанның өлеңдерін оқи алады.

Сондай-ақ, «Адырна» антологиясы» айдарымен Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері берілген:

«Кеудемді жанап өттіңдер,

Жүр едім жырды бастамай.

Азайып неге кеттіңдер,

Даламның қарлығаштары-ай?!» — деп толғанады ақын «Даланың қарлығаштары-ай» атты өлеңінде.

Журналдың бұл санында түрлі айдарлармен Әмірхан Балқыбектің «Бөрі-нама», Қадыр Мырза Әли «Өмір керуені және өлең өзені», Ұлықбек Есдәулеттің «Ақ шағала ақын, ақ Жайық-жырлар» атты мақалалары жарық көрді. Проза бөлімінде Мұрат Алмасбекұлы мен Нұрлан Қамидың әңгімелері; ал «Үздік үлгі» айдарымен жазушы Қалихан Ысқақтың әйгілі «Қоңыр күз еді» туындысы жарияланған. «Тәржіма» айдарымен Владимир Дальдің «Майна» әңгімесі беріліп отыр, бұл — тек көркем шығарма емес, сондай-ақ, қазақ тарихынан сыр шертетін туынды. Редакция алқасы алдағы уақытта да орыс авторларының қазақ тарихына қатысты шығармаларын жариялап отыратын болады.

Журналдың шілде айындағы санында басқа да айдарлармен түрлі материалдар жарыққа шықты.

 Өз тілшіміз.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*