Басты бет » Мереке » Міндет және марапат

Міндет және марапат

Облыстық сотта мемлекеттік мереке — Астана күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Оған облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен отставкадағы құрметті судьялар қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай жиналғандарды Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің атынан мерекемен құттықтап, бүгінде Астана — бірліктің символы, әлемдік аренада көрініс тапқан Мемлекет басшысына тиесілі, ең батыл архитектуралық идеялар, қазақстандықтардың басты мақтанышы екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы аса маңызды бағдарламалық құжаттарда елдің дамуына ерекше назар аударады, оның ішінде  сот жүйесін жаңғырту, тәуелсіз сот билігін қалыптастыру нәтижесінде сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағдар берілуде.

Біз, судьялар, заңның үстемдігі және баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ете отырып, ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысуымыз керек», — деп атап өтті облыстық сот төрағасы.

Жиында аудандық және оған теңестірілген соттардың бірқатар судьялары ҚР Судьялар одағының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктің кілттері табыс етілді. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен сот мамандарына Соттар әкімшісінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатқа қатысушыларға Астананың құрылуы туралы «Елбасы арманы» атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді. Ұлттық ұлан оркестрінің және облыстық филармонияның орындауында мерекелік концерт өтті.

 Н.ӘБДІЛДАҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*