Басты бет » Ресми » Хромтау ауданының күні өтеді

Хромтау ауданының күні өтеді

Шілденің 8-і күні Ақтөбе қаласында «Туған жерім — нұрлы елім» атты Хромтау ауданының күнін өткізуге арналған іс-шаралар бағдарламасы

8.00-10.00 — «Табыс» жабық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін және жәрмеңкесін өткізу  («Табыс» жабық базары).

10.30-11.00 — Ә.Молдағұлова, В.Ф.Величко, Л.П.Шиловскийдің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі (Ә.Молдағұлова даңғылы).

18.00-20.00 — Хромтау ауданы қолөнер шеберлерінің, кәсіпкерлерінің  көрмесі (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы).

18.00-20.00 — Ашық аспан  астындағы балалар оқу залы. Балаларға арналған  кітап  көрмесі  «Хромтау  аудандық кітапхана: тартылымдық аумағы»   (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы).

18.00-20.00 — Су тасқынынан  зардап шеккен  отбасыларға  қайырымдылық  шарасы (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы).

18.00-20.00 — Спорттық ойындар (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы).

19.00-21.00 — Хромтау ауданы өнерпаздарының Гала-концерті (ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы).

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*