Басты бет » Мереке » Келіңіздер, бірге мерекелейік!

Келіңіздер, бірге мерекелейік!

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары, біздің сүйікті Астана күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осы күндері Ақтөбеде өтіп жатқан мерекелік шараларға шақырамыз!

Кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, театрларда, мұражайларда, Қазақстан халқы Ассамблеясында, қалалық Оқушылар сарайында, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде, қалалық көркемсурет лицейінде, облыстық планетарийде, балалар және жасөспірімдер үйінде, мектеп жанындағы лагерьлерде, музыкалық мектептерде, сонымен қатар, мектептен тыс мекемелерде «Астана — еліміздің мақтанышы», «Арман  қала — Астана!», «Астана — елдің алтын шаңырағы» атты тақырыптық ақпараттық сағаттар, кітап және сурет көрмелері, шығармашылық байқаулар, танымдық сағаттар, спектакльдер, мерекелік бағдарламалар, экскурсиялар, концерттер өтеді.

Осы күндері көптеген спорттық сайыстар, соның ішінде «Ақбидай» волейболдан спартакиадасы, стритболдан қала біріншілігі, ауылдық округ балалары арасында «Былғары доп» қалалық турнир ұйымдастырылады.

Негізгі мерекелік шаралар және халықтық қыдырулар 6 шілдеде өтеді.

6 шілде күні сағат 10.00-де қаламыздың спортшы және белсенді тұрғындары Ақтөбе көшелерімен өтетін дәстүрлі велошеруге қатыса алады, велошеру  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан бастау алады.

Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін мерекелік бағдарламалар және халықтық қыдырулар ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында, А.С.Пушкин атындағы және «Ретро» саябақтарында, «Керуенсити» СОО, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында (Тургенев көшесі), «Металлург» мәдениет үйінің алаңында, Қарғалы селосындағы «Жеңіс» саябағында өткізіледі.

Қала тұрғындары мен қонақтарын біздің қаламыз бен облысымыздың ең үздік шығармашылық ұжымдарының өнерлері, ғажайып билер, байқаулар, ойындар, әртістер мен спортшылардың көрнекі орындаулары күтеді.

6 шілде күні сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың тутұғыры алаңында роботтардың көрсетілімі, роботтарды құрастыру және басқару бойынша шеберлік кластар, «Robotix Kazakhstan» ЖШС ұйымдастыруымен балалар арасында сыйлықтардың ұтыс ойындары өткізіледі.

Сонымен қатар, осы мереке күні қызықты кешкі бағдарлама жоспарланған. Сағат 20.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы (Тургенев көшесі) алаңында, «Ретро» саябағында, ал 19.00-де А.Пушкин атындағы саябақта мерекелік бағдарлама басталады.

Спорт сүйер қауымды және барлық ақтөбеліктерді кешкі сағат 20.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа мас-рестлинг бойынша чемпионатқа шақырамыз, оған барлық ниет білдіргендер өздерінің күштері мен ептіліктерін сынау үшін қатыса алады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*