Басты бет » Ауыл » Тәуіпте спартакиада өтті

Тәуіпте спартакиада өтті

Тәуіп ауылдық округінің Құйылыс ауылында  ауыл жастарының ХVІ спартакиадасы өтті.

Аудан округтерінен келген 279 жас спорттың футбол, волейбол, қазақ күресі, қол күрес, гір тасын көтеру түрлері бойынша бақ сынасты. Екі күнге созылған сайыс күннің ыстықтығына қарамастан сәтті аяқталды. Спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне барлық ұжымдар мен шаруа қожалықтарының басшылары белсене атсалысты. Шараны тиянақты ұйымдастырған Тәуіп ауылдық округі әкімдігі болды. Жарысты тамашалауға ауыл-аймақтың  халқы түгел жиналды. Спортшыларға дем беріп, сын сағатта қолпаштап отырды. Әсіресе футбол ерекше тартысты өтті. Нәтижесінде Қызылжар ауылдық округінің құрамасы ешкімге дес бермей, бірінші орынды иеленді. Сөйтіп, үшінші жыл қатарынан аудан чемпионы атанды.
Түйе палуан сайысында қарсыластарын боз кілемде шаң қаптырған Әділбек Аманкелді «Тәуіп» кеңшарының алғашқы директоры, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Тәуекел Байдәулетов атындағы жүлдені иеленді. Жүлде қоры — 60 000 теңге.
Спартакиаданың барлық спорт түрі бойынша жалпы командалық есепте І орынды Ырғыз ауылдық округінің жастары иеленсе, ІІ орын — Тәуіп ауылдық округі, ІІІ орынды Қызылжар ауылдық округінің жастары еншіледі.

Қайрат АЙТҚҰЛОВ,

Ырғыз ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*