Басты бет » Жастар » Ең үздік жас мемлекеттік қызметшілер

Ең үздік жас мемлекеттік қызметшілер

А.Досжанова атындағы конференц-холда 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Ақтөбе облысының ең үздік жас мемлекеттік қызметшісі» атты облыстық байқауы өтті.

Жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау, олардың кәсіби тәжірибесін, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген байқауға 15 қызметкер іріктеліп алынды. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және Ақтөбе облыстық әкімдігі, банк мекемелері ұйымдастырды.

2-22 мамыр аралығында өткен байқаудың бірінші кезеңіне облыстық басқармалар мен департаменттердің, аудан және Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының және бөлімдерінің 30 жасқа дейінгі 73 мемлекеттік қызметшісі қатысты.

Шараның ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің еңбегін атап өтті.  Сайыстың ережесіне сәйкес, қатысушылар «Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі және меритократия принциптерін күшейту жолдары», «Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарын іске асырудағы менің рөлім» тақырыбында эссе жазды. 26 мамыр барлық жұмыстар сарапқа салынып, комиссия мүшелері 15 мемлекеттік қызметшіге финалдық кезеңге жолдама берді.

Бұл кезеңде жас мамандар үш айналым бойынша сынға түсті. Олар алдымен өздерін таныстырып, атқаратын қызметі туралы әңгімеледі. ҚР заңнамаларын білу деңгейі тексерілді. Сондай-ақ үй тапсырмасы «Мемлекеттік қызметші өмірінің бір күні» тақырыбында бейнематериалдар көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гаухар Әбдібекова жеңімпаз атанды. Екінші орынды облыстық әділет департаментінің бас маманы Әсел Мұқатова алса, үшінші орынға облыстық қазынашылық департаментінің бас маманы Гүлайна Дәлелхан лайық деп танылды.

Үздік шыққан байқау жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*