Басты бет » Жаңалықтар » Халық Қаһарманы Әлия рухына тағзым етті

Халық Қаһарманы Әлия рухына тағзым етті

Өңірімізге іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев облыстық Ә.Молдағұлова атындағы музейде болды.

Музей директоры Елена Қалтаева қонақты музейдегі құнды жәдігерлермен кеңінен таныстырды. Батыр қыздың өмір жолы мен ерлігі туралы айтып, соғыс жылдарындағы оқиғалар, Әлияның білім алған жерлері мен жазған хаттары жөнінде баяндады.

Сондай-ақ осы күні соңғы қазба экспедицияларынан табылған соғыс жылдарындағы винтовка, каска, басқа да бірқатар бұйымдар музейге тарту етілді.

—  Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында  миллионнан аса қазақстандық қаза тапты. Оның ішінде басым көпшілігі ақтөбеліктер болды. Сол кезде 19 жастағы қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова ерлік танытты. Әлия тарихта ұлттың рухы болып қалды. Қасиетті Ақтөбе жерінде лаңкестік оқиғаның орын алмауы тиіс еді. Осындай батырлар ерлігі жас ұрпаққа үлгі болуы керек, — деді Бақытжан Ертаев.

Музей ұжымы Бақытжан Ертаевқа естелік кітаптар сыйға тартып, дастарқан жайды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*