Басты бет » Жаңалықтар » Ұлт мәдениетімен мәңгілік

Ұлт мәдениетімен мәңгілік

Кәсіптік мереке

20 мамыр күні сағат 19.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған «Ұлт мәдениетімен мәңгілік» атты мерекелік шоу-бағдарлама өтеді.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның айтуынша, бұл күні облыс әкімінің қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырылмақ. Мәдениет министрлігі тарапынан еңбек сіңірген өнер қайраткерлеріне «Мәдениет ісінің үздігі» төсбелгісі, 15 қызметкерге облыс әкімінің сыйлығы, сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің және мәслихат депутаттарының Құрмет грамоталары табысталады.

— Мәдениет қызметкерлері күніне түрлі мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Облыс, қала көлеміндегі өнер ұжымдарын кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана, музей, басқа да  салалардың жұмыстары көрме ретінде таныстырылады. Сондай-ақ ардагерлер де шақырылып, оларға құрмет көрсетіледі. Сахна төрінде ең үздік қойылымдар, арнайы бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылмақ. Жергілікті суретшілерге тұрғындар өздерінің портретін салғызуға мүмкіндік алады.

Биыл Ақтөбе облысының 85 жылдығы, «Көкжар» жәрмеңкесінің — 150, Есет батырдың 350 жылдықтары кең көлемде аталып өтіледі. Осы мерейтойлар аясында күзде өтетін шаралар алдын ала таныстырылады.

Салтанатты шара  облыс аудандарында да ұйымдастырылатын болады. Ақтөбелік өнерсүйер қауымды сенбі күні өтетін мерекелік кешке шақырамыз, — деді Маржан Қорғанбаева.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*