Басты бет » Әлеумет » Зауыттықтар 250 дана пирамидалық терек екті

Зауыттықтар 250 дана пирамидалық терек екті

Жасыл әлем

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымы өндіріс орнының аумағына 250  дана пирамидалық терек екті.

Әрдайым жақсы істердің ұйытқысы болып жүретін металлургтер жаңа зауыттың аймағына ағаш егіп, сауапты іс жасады.

— Жыл сайын зауыттықтар «Ағаш отырғыз» акциясы бойынша көшет егеді.  Биыл осы ұранмен маңызды іс экологиялық айлық шеңберінде жүзеге асырылып, жаңа зауыттың аймағына 250 түп пирамидалық терек көшеттері егілді.  Бұл игілікті іске  1 миллион 313 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жас көшеттер Павлодар қаласының «Grin Snab»  жеке кәсіпкерлігінен сатылып алынды. Жалпы өндіріс аймағында жайқалып өсіп тұрған ағаштардың барлығы зауыттықтардың қолымен егілген ағаштар. Алды бүгінде алып бәйтерекке айналды. Көшетті егумен шаруа бітпейді. Бұдан әрі тамыр жайып, жапырағы жайқалғанша күтімді қажет етеді. Көшеттерді күтіп-баптау, уақтылы суару сияқты шаруалар зауыттың жұмыскерлеріне жүктелген. Зауыттықтардың мақсаты —өндіріс аймағын көгалдандыру, абаттандыру және жасыл желекке айналдырып, қоршаған ортаны қорғау. Осы бағытта жыл сайын маңызды істер атқарылып келеді және зауыт әкімшіл           ігі осы шараға қаражатын аяған емес. Осындай жауапты іс мамыр айының ортасына дейін  жалғасады. Зауыт ардагерлерінің үйіне жеміс ағаштары және 5000 дана жас шыбықтар кәсіпорын аймағына егілмек, — дейді қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы Татьяна Самойленко.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*