Басты бет » «Ақтөбе — құтты мекен» » Күніне 46 грамм нан…

Күніне 46 грамм нан…

КСРО халқы соғыс басталған алғашқы күндерден бастап, әр апта соңындағы демалыстан бас тартқан-ды.

Елдегі жұрттың қуанышы да, уайым-мұңы да майданнан келген хабарларға байланысты болды.Әлеуметтік-тұрмыстықауыртпалықтардыкөпжағдайда елемеуге тырысты, алайда қарапайым бұқара азық-түлікпенөнеркәсіптауарларынантапшылықкөрді. Мемлекеттікбөлшексауданыңқысқаруынабайланыстыбаға өсіп, қымбатшылық жайлады. Жау қолында қалған аймақтардан көшіп келушілердің көптігінен тұрғын үймен қамтукөрсеткіші күрт төмендеді. Қазақстан қалаларындауақытша санитарлық-тұрғын үй нормасы енгізілді: бір адамға 5 шаршы метр тиесілі болды, ал іс жүзінде көрсеткіш 3-4 шаршы метрге дейін төмендеді.

1941 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның сегіз қаласында, оның ішінде Ақтөбеде карточкалық жүйе енгізілді.

Кейбір өңірлергетиесілі азық-түліктер уақытылыжетпей қалып отырды. Темір ауданында 425 адам нанмен қамтамасыз етілуі қажет еді. Осыншатұрғынға нан үшін 1,1 тонна ұн бөлінді, яғни күніне әр адамға 130 грамнан келді.Ал 1941 жылдың қыркүйек айынан ол екі есе кеміп, 65 грамға дейін азайды.

Ключев ауданында әр адамға күндік норма 48 грамнан келсе, Мәртөк ауданында күніне 46 грамнан берілді.

Мұрағат құжаттарындағы соғыс жылдарындағы халықтың арыз-өтініштерін қарағанда, негізгі бөлігі аш екендігін, тамақ пен киімге мұқтаж екендіктерін ашық көрсетеді.

Соғыстың алғашқы жылдары-ақ халық арасында жұқпалы эпидемиялық аурулар тарала бастады. Ақтөбе облысында 1942 жылдың қаңтар айында — 78, ақпанда 280 бөртпе сүзегі оқиғасы тіркелсе, сол науқастардың 50 пайызы  Ақтөбе қаласы мен Алға поселкасының жұмысшылары еді. Бөртпе сүзекпен күрес жүргізуде басты қиындық сабынның жетіспеушілігіне байланысты болды. Жоспар бойынша Қазақ КСР-інде 1942 жылы 9630 тонна сабын жасалуы тиіс болса, 1 қазанда бар болғаны 2186 тонна сабын, яғни жоспардың 22,5 пайызы ғана әзір болған. 1 тұрғынға шаққанда жылына 400 грамм ғана сабын жасап шығарылған. Жасалған сабын ең алдымен мекемелерге жіберіліп, іс жүзінде тұрғындарға ештеңе қалмады.

Зерттеушілер пікірінше, соғыс жылдарында Одақ бойынша аштық пен эпидемиялық аурулардан 1,5 миллион адам қаза болған.

Гүлнұр ҚАЗБАЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

4-курс студенті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*