Басты бет » Әлеумет » Кепілдік және көмек

Кепілдік және көмек

Құқықтық мемлекеттің алдында тұрған бірегей міндеттердің бірі — тұрғындарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету. Азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету —  мемлекеттің жауапкершілігі мен міндеті.

Еліміздегі «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңнама қабылданғанға дейін, заң көмегін көрсету бойынша нормалар қылмыстық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстердің жекелеген баптарында және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңында белгіленген болатын. Сондай-ақ, адвокаттардың тегін көрсететін қызметі бойынша бүгінгі таңда барлық төлемдерді аумақтық әділет органдары арқылы жүргізілетіндігі анық көрсетілген.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін ел аумағында тұратын барлық азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан алуға құқылы. Оны өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар және заңмен белгіленген жағдайларда адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары көрсетеді.

Қазіргі кезде мемлекеттің есебінен адвокаттың көмегін алу құқығына заңмен белгіленген жағдайларда кепілдік беріледі. Адвокат көрсеткен құқықтық кеңес беру түріндегі заң көмегіне ақы төлеу адвокаттың орындаған жұмысы туралы актінің және тиісті адвокаттар алқасы өтінімінің негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Аталмыш жеңілдікті құқықтық ақпарат беру түрінде жеке және заңды тұлғалардың тегін алуына құқығы бар.

Нұрсұлтан ҚАЛМАҒАНБЕТОВ,

Шалқар аудандық әділет

басқармасының іс жүргізушісі.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*