Басты бет » Денсаулық » Алматыдан онкологтар келді

Алматыдан онкологтар келді

«Жоғары технология күндері» республикалық акциясы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина орталығына  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынан білікті мамандар келді.

Олар — аталған ғылыми-зерттеу институттың директоры, онкогинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.Қайдарова және  маммология орталығының меңгерушісі Ш.Талаева. Мамандар тақырыптық дәріс өткізді. Сондай-ақ науқастарды қарап, оларға кеңес берді. 15-16 мамыр күндері екі науқастың сүт безіне  күрделі операция жасады.

Жалпы акция аясындағы шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты медицина саласындағы жоғары технологияны халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырып отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*