Басты бет » Мәдениет » Танымдық сағат, тағылымды әңгіме

Танымдық сағат, тағылымды әңгіме

Акция

Биыл «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қажығали  Мұханбетқалиұлының «Қайдасың сен, махаббат?»  кітабы  таңдап  алынған  болатын. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ұжымы жазушының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияда «Қазақ әңгімесінің айтулы  шебері» тақырыбында оқушыларға танымдық сағат өткізді.

Шараға  мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Жаңабайқызы, кітапханашы Күнсұлу Аймұрзина, сондай-ақ, 9 «г» сыныбының оқушылары  қатысты.

«Шындықтан  аттамайтын  шын  суреткер» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кітаптың мазмұны мен жазушының өмірдеректері  туралы кітапхана қызметкері Алмагүл Кемалова баяндап берді. Жазушының «Сынық терезе», «Ескі достар» шығармаларына қызыққан оқушылар  өздерінің  сұрақтарын  қойып, қызықты  пікірлерімен  бөлісті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытхан Сұлтанмұратов шараның жақсы өткеніне өз ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға  алғысын  білдірді.

Танымдық  сағаттан  тағылым алар жастарымыз  кітап оқуға қызығушылығын  білдіріп  жатты.

                                                                                                                                 Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ,

кітапхана қызметкері.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*