Басты бет » Мәдениет » Өнерлі отбасылар ұсынған концерт

Өнерлі отбасылар ұсынған концерт

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында Отбасы күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті.

Мерекелік шараның ашылуында Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова сөз сөйлеп, әр шаңыраққа шынайы бақыт тіледі. Сондай-ақ өңірге белгілі 5 өнерлі отбасыға Алғыс хат пен ақшалай сертификат табыс етті. Олардың қатарында отбасы мен өнерді қатар алып жүрген Байсеңгір әулеті, Асылхановтар отбасы, Өтешовтер және Ермекбаевтар отбасы, сондай-ақ бірнеше баланы асырап алып, бауырына басқан Жетесовтер отбасы бар.

Шара барысында аталған отбасылар өз өнерлерін ортаға салып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Қалалық Мәдениет үйінде қызмет атқарып жатқаныма он жылға жуық уақыт болды. Халықтық «Сұңқар» вокалдық ансамбілінің жетекшісімін. Топтың құрылғанына биыл жеті жыл болды. Бүгінгі кеште қызым мен ұлымды сахнаға ертіп, бірнеше ән шырқадық. Бізге осындай құрмет білдіріп жатқан қала әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Әр отбасына ырыс-береке, шаттық тілеймін. Еліміз аман болсын, — деді кеште өнер көрсеткен Өтешовтер отбасының отанасы Ләззат Медетова.

Шара барысында өнерлі отбасылардың бірі ән салса, енді бірі күмбірлете күй шертті. Өмірде де, өнерде де бірге жүрген отбасылардың орындаған шығармалары көпші­лік­ке әдемі әсер қалдырды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*