Басты бет » Ресми » «Болашаққа қадам» жаса!

«Болашаққа қадам» жаса!

Үшінші сектор

Қазақстанда «Болашаққа қадам» бизнес-жобаларының республикалық конкурсы басталды.

Биылғы сәуір айынан бастап «Әйел нұры» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның Еріктілер Альянсі» заңды тұлғалар бірлестігімен әлеуметтік әріптестікте Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырысы бойынша азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранттық қолдауы аясында «Еңбекке орналастыру бойынша қызмет жұмыстарын ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

«Болашаққа қадам» бизнес-жобалар конкурсы село тұрғындарына ауылдарда жаңа жұмыс орындарын ашу үшін жобалық бизнес-ұстанымдарды іске асыру мүмкіндігін береді. Аталған жоба аясында биылғы 5 мамырдан Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлік негіздері және конкурсқа өтінімдерді рәсімдеу бойынша семинарлар ұйымдастырылды, тәлімгерлік вебинарлар өтті.

Конкурсқа Қазақстанның барлық аймақтарының тұрғындары екі номинация бойынша қатыса алады, олар: «Бизнес бастауы» — 500 мың теңгеге дейін және «Бизнестің өсуі» — 700 мың теңгеге дейін қаржылай қолдаумен. Өтінімдер беру мерзімі 2017 жылғы 1 мамырдан 10 маусымға дейін.

Ақтөбе облысы бойынша аймақтық менеджер — Марина Юрьевна Цыганкова. Мына телефондармен хабарласуға болады: 8-705-988-48-91, 8 (7132) 99-42-47, электронды пошта: tsigum@mail.ru

 Н.ДӘУІРОВ. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*