Басты бет » Ресми » Гранттан құр қалмаңыз!

Гранттан құр қалмаңыз!

Үшінші сектор

«КАМЕДА» қоғамдық қоры «Бастама — жергілікті жерлерде» жобасын жүзеге асыру басталғанын хабарлайды.

Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғамдастықтардың жергілікті институттарын дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту» мемлекеттік гранты аясында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

Жоба бұрыннан бар әлеуетті күшейту және жаңа ресурс орталықтарын құру арқылы шағын қалалар мен селолар деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған. Гранттың жалпы сомасы 20 000 000 теңге. Жүзеге асыру мерзімі — 2017 жылғы 1 сәуірден 30 қарашаға дейін.

Жобаның міндетіне 7 ресурстық әріптес-орталықтардың және 44 селолық ресурс орталықтарының сараптамалық әлеуетін күшейту кіреді, 20 шағын грант беру жоспарлануда.

Нақты ақпарат алу үшін жобаның аймақтық үйлестірушісі — «ЭлитАгро» ОБ директоры Марина Цыганковаға мына телефондармен хабарласуға болады: 8-705-988-48-91, 8 (7132) 99-42-47, электронды пошта: tsigum@mail.ru

 Н.ДӘУІРОВ. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*