Басты бет » Спорт » Әріптестерін еске алды

Әріптестерін еске алды

Турнир

Ақтөбелік тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алуға арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Биыл бесінші жыл ұйымдастырылған дәстүрлі шараны облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Арыстанғани Заппаров ашып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған жарысқа 24 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша, аудан командалары арасында Шалқар ауданы ІІБ жеңімпаз атанды. Ал, 2-орынды Алға ауданы ІІБ алса, 3-орынға Темір ауданы ІІБ ие болды. Қалалық командалар арасынан 1-орынға жедел қимылдайтын арнайы жасақтың командасы қол жеткізді. 2-орынды Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасының құрама командасы алса, 3-орынға қылмыстық атқару жүйесі департаментінің командасы лайық деп танылды. Сонымен қатар «Спорт ардагері», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, марапатталды.

Турнир жеңімпаздарына кубоктар және спорттық сыйлықтар, формалық киімдер, медальдар мен грамоталар табысталды.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*