Басты бет » Білім » «Ақбөбектің сұлтаны»

«Ақбөбектің сұлтаны»

Тәрбие

Отан қорғаушылар күніне орай «Ақбөбек» білім беру орталығында «Ақбөбек сұлтаны» атты балабақша ер балалары арасында сайыс өтті.

Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

«Ақбөбек» балабақшасының кішкентай жігіттері өздерінің білімдерін, батылдығын, ептілігі мен ақылдылығын көрсетіп, көрермендерді өнерлерімен тәнті етті. Сайыстың шарттарынан сүрінбей өткен «Мейірімді күн» тобының тәрбиеленушісі Бейбарыс Иманбаев «Ақбөбек сұлтаны» атанды. Сондай-ақ, «Шұғыла» тобынан шыққан Данай Батыр мен «Болашағы елімнің» тобының тәрбиеленушісі Нұрәділ Жанғазиев өздерінің алғырлықтарымен көзге түсті.

Кеш соңында «Ақбөбек» балабақшасының меңгерушісі Гүлжамал Алпанова балалардың барлығына естелік сыйлықтар беріп, оларға әрқашанда сымбатты, білімді болып жүрулеріне және өз Отанын шексіз сүйген нағыз азамат болып өсулеріне игі тілегін жеткізді.

 Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*