Басты бет » Мереке » Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті ақтөбеліктер!

Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау қасиетті мереке біз үшін батырлықтың және халқымыздың ержүректігінің символына айналды. Біз азат етуші жауынгерлердің ерлігіне бас иіп, Отанымыздың тәуелсіздігі мен абыройын сақтап, әлемді фашизмнен құтқарған әкелеріміз бен аталарымыздың ұлы ерліктерін мақтан етеміз.

Ұлы Отан соғысының әрбір жауынгерінің есімі еліміздің тарихына, бүкіл адамзаттың тарихына алтын әріптермен жазылған. Біздің тарихымызда бұл ұлы күннің қалай келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Соғыстың қасіреті ешбір адамды, ешбір отбасыны айналып өтпегені белгілі.

1945 жылы жеңіске қол жеткізген мамыр айынан бері жетпіс жылдан астам уақыт өтті. Алайда Ұлы Отан соғысын, соғыстың барлық ауыртпалығын арқалаған және одан кейін қираған елді қайта қалпына келтірген ерлер біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Жауды жеңуге еліміздің басқа тұрғындары секілді Ақтөбе облысының халқы да өз үлесін қосты. Қаламызда атақты 312-атқыштар дивизиясы мен 101-жеке атқыштар бригадасы құрылды. Соғыс жылдарында алғы шепке облысымызды мекен еткен 423 тұрғынының 122 мыңы аттанды. 35 ақтөбелік ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген атаққа лайық деп танылды.

Майданда өлімге тік қарап, тылда тынбастан еңбек еткен жандардың қатары күннен-күнге азаюда. Біздің буын Жеңіс жауынгерлері алдында өлшеусіз қарыздар. Сондықтан ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндікті жасаудамыз.

Құрметті ардагерлер!

Аға буын кейінгі ұрпақтың есінде мәңгілік орын алады. Болашаққа деген сенімдеріңіз бен қайрат-жігерлеріңіз біз үшін сарқылмайтын қазына және үлгі-өнеге. Сіздердің ерліктеріңіздің, отансүйгіштік және жанқярлық еңбектеріңіздің алдында бас иеміз!

Мәңгілік Отанымыз — Қазақстанның тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Әрбір шаңырақта бейбітшілік, жақсылық және амандық болсын!

 

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*