Басты бет » Құқық » Азаматтар арызы қаралды

Азаматтар арызы қаралды

Жемқорлыққа жол жоқ

Бүгінгі күні елімізде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және шектеу бойынша қоғамдық, саяси күштермен бірге кең көлемді жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдардың күш-жігері сыбайлас жемқорлық көріністерінің  алдын алып, болдырмауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын іске асыру мемлекеттік қызметшілердің тәртібін  нығайтуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен  қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, жер заңдылықтары нормаларын сақтау мәселелері бойынша мекемеге келген азаматтарды басқарма басшысы мен басшының орынбасары қабылдап, тұрғындардан түскен сауалдар жазбаша қаралып, тиісінше Заң талаптарына сай мерзімде жауап беріледі.

Биыл жыл басынан бері 15 адам қабылдауда болып, олардың сұрақтары қанағаттандырылды. Өткен 3 айда мекемеге 48 жеке және 10  заңды тұлғадан арыз түсті, оның 52-сі қанағаттандырылды, 6 арыз жауап беру мерзіміне байланысты қаралуда.

Қазір мекеменің қабылдау бөлмесінде 52-15-17, 52-15-22 сенім телефондары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға байланысты кітабы мен азаматтардың арыз-шағымдары үшін арнайы жәшік орнатылған.

Т.ЖАҢАБЕРГЕНОВ,

«Ақтөбе облысының жердің

пайдаланылуы мен қорғалуын

 бақылау жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*