Басты бет » Денсаулық » Мануалды терапия — омыртқа ауруының бірден-бір емі

Мануалды терапия — омыртқа ауруының бірден-бір емі

Остеохондроз қазір жер бетінде тірек-қозғалыс жүйесінің ең көп тараған ауруы болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, остеохондрозбен әлем тұрғындарының 80 пайызы ауырады екен. Қорқыныштысы, жыл өткен сайын бұл аурумен ауыратындар арасында жастар да көбейіп бара жатқан көрінеді. Бұл — омыртқаның ауруы. Яғни, қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен.

Омыртқа — адам денесін тік ұстап тұрған тірегі, ішкі ағзаларды сыртқы әсерлерден қорғап тұрған қалқаны десе де болады. Сондықтан, адамның денесі сау болуы үшін омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет. Дәрігерлер остеохондроз ауруын мануалды терапия әдісімен емдеуге кеңес береді. Мануалды терапия сонау Гиппократ дәуірінен бері бар әдіс көрінеді. Бірақ онымен айналысатындар қатары сирек. Себебі, мануалды терапия кезінде мүлт кетуге болмайды, кішкентай қатенің өзі адамды мүгедек етуі мүмкін.

Осы мәселе жөнінде Қазақстанға белгілі мануалды терапевт, невропотолог дәрігер Бекболат Байдәулетовпен әңгімелескен едік:

Остеохондроз — адамның анатомиясына байланысты ауру. Біз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі. Мәселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Қазақ баласы үйде жүгіріп жүрсе, «жүгірме, үйтпе, бүйтпе» деп ұрсып болады. Ол дұрыс емес. Жаңа туған бала әрбір бес секунд сайын өседі екен. Сондықтан ол үшін қозғалыстың маңызы зор. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын — адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, панкреотит, простатит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады.

Остеохондроздың белсіздікке қандай қатысы бар?

Тікелей қатысы бар. Қазақтың «бала белде, әйел жолда» деген сөзін білетін шығарсың. «Белсіздік» деген сөздің өзі де осыдан шыққан. Бел омыртқаның ауыруы салдарынан, жаңа айтқанымдай, қан дұрыс жүрмейді де, баратын жеріне бармайды. Маған осындай мәселесін айтып келген жігіттер де, әйел адамдар да көп болды. Көпшілігіне көмектестім.

Омыртқа сырқаты неден болады?

Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Бұны емдеудің екі жолы бар: біріншісі операция жасау, яғни пышаққа түсу, екіншісі мануалды терапия жолымен омыртқаны қолмен жайлап бұрап босатып, қысылып тұрған шеміршекті орнына түсіру.

Бұл қандай әдіс?

Манус — грек тілінде «қол» дегенді білдіреді, яғни мануалды терапия — қолмен емдеу тәсілі. Мануалды терапия, жоғарыда айтылған, ішкі органдарды емдеудің бірден-бір жолы. Бас ауруына мықты ем. Небір жарақаттардан соң ағзаны қалпына келтіруге таптырмайтын әдіс.

Мануалды терапия елімізде қаншалықты деңгейде қолданылып келеді?

Мен Ақтөбе медициналық институтын 1982 жылы тәмамдадым. Сол уақытта мануалды терапия туралы бір ауыз сөз естігенім жоқ. Кейінірек, газет-журналдардан ресейлік Николай Касьян деген кісі туралы оқып, оның жатып қалған аурулардың көпшілігін аяғынан тұрғыза алатындығын естідік. Осыдан кейін емдеудің осы әдісіне деген қызығушылығым артты. Мануалды терапия Кеңес Одағына 1980 жылдары Еуропа елдерінен келді. 1990 жылы «Аргументы и факты» газетінен Ленинград қаласында мануалды терапия әдісімен емдеу курсы ашылғаны туралы жарнама оқып, тартып кеттім. Екі ай білім алып, Новокузнецк қаласында клиникалық ординатурада болып, тәжірибе жинақтадым. Ал біздің елде мануалды терапевтер өте аз.

Қазақстанда мануалды терапевт дейтіндей кім бар?

Мен бармын. (күліп-М.Р.). Жоғары дәрігерлік білімі жоқтардың арасында мануалды терапиямен айналысып жүргендер бар. Бірақ тұрғындардың бұлардан аулақ болғандары дұрыс. Өйткені артық қылам деп жүргенде тыртық қылып алуларыңыз мүмкін.

Ал омыртқаның арасындағы жарық неден пайда болады?

Көбіне қара жұмыстан болады. Кейде ауыр жұмыс жасамай-ақ, тік тұрғанда, жүргенде, отырғанда бастың салмағы мойын омыртқасына, кеуде омыртқасына, одан әрі бел омыртқасына түсіп, бірін-бірі үнемі езіп-жаншуда болады. Ұдайы салмаққа шыдамай, омыртқааралық байланыс тұтқалары зақымданады да, соның салдарынан жүйке, қан тамырларына зақым келіп, ішкі ағзалар ауруға ұшырайды. Бала кезде омыртқа өте серіппелі келеді. Жас үлкейе омыртқа жотасы иілгіштігін жоғалта бастайды, омыртқааралық дискілер мен омыртқалар жұқарады, серпінділігінен айырылып, омыртқа жотасы алға қарай иіледі. Әсіресе, әйелдер бала туған соң омыртқалары жайылып, бір-біріне жақындап, жүйке тамыры мен қан тамыры қысылады, шеміршек өзінің серпімділігін жоғалтады. Осы кезде бел ашып ауырып, адамды әлсіздік басады, тез шаршағыштық байқалып, ұйқы бұзылады. Осы кезде ауруды ушықтырмай, мануалды терапия әдісімен омыртқа арасын ашып, қан жүрісін қалпына келтіру керек.

Омыртқа сырқатының бас ауруына қатысы қанша?

Кейбір кісілер «басымның сақинасы бар» бар деп  екі-үш күн бойы жатып қалады. Бас ауыруы дәрі ішсе де қоймайды, бірнеше күннен кейін ғана өзінен-өзі басылуы мүмкін. Адамдар осыған үйреніп кетеді. Бұл неден болады? Біріншіден, баста ешқандай «сақинаның» болмайтынын есте ұстау керек, бұл ауру мойын омыртқаның жылжып кетуі, мойын омыртқасы жіктеріне жиналған тұз, жүйке тамыры мен қан тамырларын қысып, қан айналымына, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіргеннен болады. Бас осыдан ауырады. Бұл аурумен барғандарға дәрігерлер көбіне қан қысымының тез көтеріліп тез төмендеуі, яғни «внутричерепное давление» деген диагноз қояды. Дәрігер ретінде айтарым, медицинада мұндай диагноз жоқ. Бұл — мойын омыртқасына зақым келгеннен туатын ауру. Бұны да мануалды терапия әдісімен емдеу керек.

Мануалды терапияның тағы қандай ауруларға қолданылатынын айта кетсеңіз?

Радикулит, сегізкөздің зақымдануы, арқаның құрысып қатты ауыруы, омыртқа бойының қисаюы, бел омыртқаның буынына тұз жиналуы (остеохондроз) секілді ауруларға мануалды терапия бірден-бір ем. Мұндай науқастарды пышаққа түсірмей, ешбір дәрісіз, қолдың құдіретімен қалпына келтіруге болады. Омыртқа буынына жиналған тұз қимыл-қозғалысты қиындатады, адам еркін жүріп-тұра алмайды. Ол асқынып кетсе, аяқ-қолдан жан кетіп, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Ал «тән тұншыққанда, жан шыңғыратыны» мәлім. Яғни, адамның тәні мен жаны бірдей қиналады.  Жалпы, адамды ерте қартайтатын екі ауру бар: соның бірі — остеохондроз. (Екіншісі — қант диабеті). Бұның дауасы — мануалды терапия. Қазір омыртқа жігінің орнынан жылжып кетуі (грыжа дисков)  сырқатынан зардап шегіп жүргендер тым көп. Жаңа айтқанымдай, бұл бел, жамбас, аяққа нұқсан келтіріп, адам төсекке таңылып қалуы мүмкін. Дәстүрлі медицина бұл жағдайда операция жасауға кеңес береді, бірақ бұл тәсілден ауру қайтадан ушығады. Сол себепті науқасты операциясыз, мануалды терапия әдісі арқылы біржола орнынан тұрғызып жіберуге болады.

Мұндай жағдай дәрігерлік тәжірибеңізде болды ма?

Күнделікті болады. Мақтанғаным емес, атын айтпай-ақ қояйын, қазір үкіметте жүрген белгілі кісілерді, олардың балаларын, елімізге танымал атақты спортшылардың талайын аяғынан тұрғыздым. Маған омыртқа жігі ажырап кеткеннің (грыжа дисков) салдарынан жүре алмай қалған кісілерді көтеріп алып келіп жатқан жағдайлар да болды. Кейбіреулері омыртқасы ауырып,  бір жағына қарай  қисайып келеді. Алдыма келгеннің барлығына шамам келгенше көмектестім. Жылына алдымнан 500-600 адам өтеді екен. Солардың ешқайсысы рақметін айтпаса, шағым айтып келген жоқ. Мені іздеп, еліміздің басқа облыстарынан да келіп жатады. Жалпы, мануалды терапияны ауру адам ғана емес, дені сау адам да жылына екі рет қабылдаса, жақсы болады. Тағы бір айта кететін жағдай, мануалды терапия остеохондрозды түгелдей жойып жібере алмайды. Остеохондроз — адаммен бірге туып, бірге өлетін ауру. Мануалды терапия тек оны асқындырмаудың алдын алады. Және бір айта кететіні, мануалды терапия әдісін қабылдаған адам «мен енді ауырмаймын, емделдім» деп алаңсыз жүре бермей, ағзаны үнемі жаттықтырып отыруы керек.

Сұхбаттасқан

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

46 пікір

  1. Гүлжайнар Сүлейменова

    Бұл макаладан керемет акпарат алдым, қаламдарың ұштала берсін, әріптестер!!!

  2. Жандос Дуйсекеев

    Дал казир коп адамды кинап журген маселе, редакцияга, Мейрамгулге рахмет, Отиниш Мейрамгул маган телефонын адресин бере аласызба? Улкен агам Кытайга 2 рет барып келип жазыла алмады, Осы кисиге корину керек еди Алдын ала рахмет

  3. мануалды терапия емі канша уакыт алады, багасы канша турады, даригермен калай байланысуга болады

  4. Мейрамгул

    Рахмет, акпарат алу ушин редакцияга хабарласуга болады. 55-11-11

  5. Салеметсизба! мен Астана каласынан боламын сиздерге хабарласу ушин Актобенин кодимен звондаймыз ба? Менин анамнын бели ауыратын еди, оны емдеуге болады ма?

  6. Редакцияга хабарласыныздар 55-11-11

  7. салеметсизба Мейрамгул апай менин белим ауырады тан ертен турганда сол аягым уйып калады емнин барин алдым сол ауырган жерим жаймен кетедима алде емделгенсон  бир мезгилде жазылама

  8. мейрамгүл байланыс телефонын неге жарялауға болмайдыма неге ред,ға хабарласыныздар дегенсиз әлде сатып отырсызба мекен жайн

  9. ол дәрігермен тікелей байланысжасуға болмайдыма осындайларыңды түсімбеймін

  10. Қыранов Бидас

    Маған Бекболат Байдәулетовтың мекен-жайы мен телефон номерін беріңіздерші?
    Менде осы диагнозбен ауырып отырмын. Өте қажет.Өтініш!!!!!!!

  11. Менің досым тас үгіткіш машинасына киімі ілініп кіріп кетіп омыртқасынан жарақаттанып қазір жүре алмай отыр еді. Досыма мануалды терапевт, невропотолог дәрігер Бекболат Байдәулетов көмек бере алады ма екен? жауап күтемін.

  12. Салеметсиз бе?! Маған невропотолог дәрігер Бекболат Байдәулетовтің мекен – жайы, телефонын керек еді. Барып қаралайын деп едим, диагнозым спандилолиетез L4 .

  13. мен шымкент қаласынан, Б.Байдаулетовтың мекен жайы немесе телефон номерін беріңіздерші өтініш. алматыға да келіп емдейді ме? мүмкіндігінше тезірек беріңіздерші. менікі асқынып кетуде не істесем болады. сізге қаралайын деп едім. көмек тесіңізші

  14. Aigul Ernazarova

    мен шымкент қаласынан, Б.Байдаулетовтың мекен жайы немесе телефон номерін беріңіздерші өтініш. алматыға да келіп емдейді ме? мүмкіндігінше тезірек беріңіздерші. менікі асқынып кетуде не істесем болады. сізге қаралайын деп едім. көмек тесіңізші

  15. Мейрамгул

    Бекболат Байдаулетовтің номері 8701-393-12-97.

  16. Сәлеметсізбе мен осы кісінің мекен жайын білейін деп едім, көмектесіңізші өтініш.

  17. Мейрамгул

    ұялы телефоны жазылып тұрғ соған хабарласыңыздар. мекен жайын білмеймін, өкінішке қарай. өзінен сұрап аласыздар.

  18. Токсеит Гулнур

    салатсыздарма!мен М.Оспанов атындагы Батыс Казакстан мемлекеттик медициналык универцитетке туским келеди,жалпы жинаган упайым 85 мен сиздерге грантка тусе алам ба?

  19. Абзал Мусиров

    Саламатсыздарма? Мейрамгул сизден сурайтыным ол киси тек Актобеде емдиди ма?

  20. Саламатсыздарма менің балам садикте кұлаганнан бел омырткасы мен сегізкөз арасына зақым келген отыра алмаиды жылап журе алмаи қалды қаида қаижерде қараиды екен Бекболат Байдаулетов Аитсаныздар Өтініп сураимын Бауырларым

  21. менин мойнымдагы тамыр тартып жыбырлап ауыртады озиме ынгайсыз басым жартысы сол колым талып калгандай болады.не себептен? не истеуге болады?

  22. Ауырганыма 8 жыл 7 ай болды мойыномырткамнан бастап белмедейн ауырады диагноз бехтерев .Маган Б.Байдаулетов комектесе алама .Казир енкейп калдым коп журе алмайм

  23. Салематсызба менде бел омыртка содан козгала алмай жатырмын оган кандай ем жасауга ауырганды басатын май болама .рахмет

  24. Тайган бел омырткага не истеуге кандай ем алуга ари ауоуды басатын май болама

  25. Ассаламу алеикум менин белимде 4.5 миллиметр грыжам бар одан калаи без операциясыз айыксам болады билсениздер аитар мекенсиздер?

  26. Жаныл Улханова

    Мануалды терапиянын багасын билуге болама ?

    • Мануальная терапия әр қалада әртүрлі шығар. Бірақ бізде Екібастұз да Ким Аркадий деген кәріс врач әр сеансы 2500 тенге тұрады. телефоны 87013612496-87771774217. Бул врач остеохондрозды емдеудың нағыз маманы. Оның ұлы Астана да қабылдайды.

  27. Маған 1 жылдай уақыт болып қалды 2 құлағым шуылдап түк естімей қалдым.Шейный остеохондроз деген диагноз қойды невропотолог.Осы диагнозды мануалды терапевт Бекболат аға емдей ала ма екен?

  28. жалгасова люба

    Салеметсизбе менин арка омырткамнын ишинде бир нарсе бар дай тесип ауырады не исте сем болат

  29. калдыгул мамалекова

    Саламатсыз ба . Меним омырткамда грыжа бар. врачты актобенин кай болницада жасаит екен аиьасыз ба

  30. Салеметсыздерме меным белымде грижабар мануалды адыспен емдерсем 100% грижам жазыладыма

  31. Саламатсызба мен 2жылдан беры желкем аурады.тамыр кысылып калган. Шеиный остеохондроз деген диагноз койды. Осы мынуалды терапиямен емделемекен

  32. Басым айналып мазам болмайды.журегым согып барлык жерим аурады.доктырдын барине бардым. Алтын инеде алдым.калай кутылуга болады бул аурудан.

  33. Қуаныш Камзин

    Салем

  34. Кандай еми бар

  35. мухаммед расул

    менин омырткам кисайган сколюз калай кутылуга болады?

  36. Саламатсыз меним жотам аурад кейде машинада шыдамай кетем рульде. Неврапатолгқа барғанда шейный остехондроз деп витамин укол берды ешқандай нəтиже болмад. Кейбырулер сенде тіл бар дейды сол распа. Мейрамбек Беспаевта зоп деп кейнен Сары Өзекте емшіге келсе сенде зоп емес тіл тиген деп жазып берды емделіп жазылды.

  37. Саламатсыздарма мен де омыртқадан грижа бар қалай емделсе болады пышаққа туспей

  38. бұл кісінің есімі кім? алматыдама? менің грыжам бар еді белімде, белім ауырады.

  39. ауырғанын басатын дәрі немесе май барма?

  40. Салеметсіз бе. актобеден калай табуға болады.телефонын беріңіздерші

  41. Айтказина Каламкас

    Менің омырткам кисайган дейт не истеуге болат

  42. Белим ауырганына 4ай казалыда турам казир аягым ауыр 4.5апта шамасы белим шыдатпайды кориндим димда жок Диди не истесем болады Мейрамгул апай кайда кай калада турасыз. Калай хабарласам

  43. Салеметсызбе мен Тараз каласынан боламын есымым Айнура жасым 22де.Кышкентай кезымнен желкем жулын тамырып катты ауыратын.Кейн белым ауыратын болды миым катты ауыратын болды кей кездеры олып каламынба деп коркамын.Енды 2аптадай болды балтырым тызем сыздап жамбас суйегым ауырып белым арка тамырым мен коса миым желкем тартып ауыратын болды тунымен уйктайалмайм.Кунымен жатамын алым курып температура котерыледы.Асказаным буйрегым ауырады 2012жылдан беры журегым шаншиды аягым ауыргалы беры козым жастанып ашып козым аштырмайды.Ол не себепты ауруханага барсам денын сап сау канын аз дейды.Басым айналады кулап каламынба деп коркамын.Дарыгер отынем кенес берынызшы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*