Басты бет » Жаңалықтар » Қасым-Жомарт Тоқаев Димаштың ата-анасына жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Димаштың ата-анасына жеделхат жолдады

Димаш Құдайберген Қытайдағы «Хунан тв» арнасы«Singer — 2017» жобасында ерекше көзге түскені мәлім.

Жоба аяқталысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Димаштың әке-шешесіне жеделхат жолдап, құттықтады.

«Ақтөбе қаласы, Черепанов көшесі 29 үй, Айтбаевтар отбасына:

Құрметті, Қанат-Светлана, Димаштың Қытай Халық Республикасында өткен музыкалық байқауда негізінде жеңімпаз болуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер өнердің ортасында жүріп, халқымызға әсем әуезді әндеріңібен ғана емес, мерейлі отбасы ретінде де танылған жұпсыздар. Халқымызда «Атадан өсиет, анадан қасиет» деген даналық сөз бар. Ата-әжесінің өнегелі тәрбиесін бойына сіңіріп өскен, ата-анадан қасиет дарыған ұлдарыңыз Димаштың жұлдызы жарқырап тұр. Байқауда тамаша өнер көрсетіп, үлкен талант иесі, әрі дарынды азамат екенін халқымызға ғана емес, Қытай еліне, жалпы бүкіл дүниеге паш етіп, еліміздің мерейін асырды. Әлемдік деңгейдегі өнер жұлдызына айналды. Алдағы уақытта да Димаш өнердің талай асуларын бағындырып, халқымыздың мәдениетіне зор үлесін қоса береді деп сенемін. Отбасыларыңызға құт-береке тілеймін.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев», — делінген жеделхатта.

Бек СҰЛТАН.

Бір пікір

  1. Жаңылсын Кадимовв Зайдоллаевна

    Қасымжомарт аға сіздің осы қарапайымдыляғыңыз.. азаматтығыңыз,адамгершіліңіз арта берсін!
    Қазақ елін буткіл əлемге паш еткізіп жатқан қарапайым қазақтың қаршадай баласы Димаштың еңбегін бағалап журек жарды хатыңызды оқып,өзімді құттықтағандай əсер алдым! Сізге зор денсаулық,қажымас қайрат тілеймін аға!!!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*