Басты бет » Жаңалықтар » Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Қытай қызы ұсақ моншақтардан жасаған Димаштың портреті әуежайдан неге өтпей қалды?

Жақында Қытайдың Чанша қаласында Хунан тв арнасының «Мен әншімін» байқауы аяқталғаны белгілі. Димаш екінші орын алған байқаудың финалына оның анасы, белгілі әнші Светлана Айтбаева барып қайтқан болатын. Сапардан соң «Ақтөбе» газетіне арнайы келген Света ханым өте бір қызық дерек айтты.

Си Си Димаштың әкесі Қанат Айтбаевпен бірге

 

Финал алдында Димашқа Си Си атты қытайдың бойжеткені әдемі сый жасапты. Ол бір ай бойы тапжылмай отырып, ұсақ моншақтардан Димаштың портретін жасаған. Финалға дейін үлгере алмай қалам ба деп қатты уайымдаған көрінеді. Үлгеріп, дәл шешуші сынның алдында сүйікті әншісін қуантқанына өзі де мәз болыпты.  Сол сыйлықты елге алып келмек болған Светаны әуелі Чанша әуежайы қызметкерлері жібермей, біраз кідірткен. Өйткені әуежай тәртібі бойынша биіктігі 1 метрден асатын портретті ұшаққа алып кіруге болмайды.

Алайда Чаншада Димаштың фанаттары шулап жүріп, Светаны арнайы қызыл жолақтан өткізіп, қолындағы портретпен бірге ұшаққа мінгізіп жіберген. Бірақ Үрімшідегі әуежайда портретті өткізбей қойыпты. Қазір оны тілеулес жандар автобуспен алып келе жатыр екен.

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ

5 пікір

  1. Оңайгүл Тұржан

    Керемет жаңалық! Керемет сыйлық!

  2. Тарихта қалар оқиға екен. Осындай қиындықпен елге жеткен аса құнды портрет алдағы уақытта атақты суретшілердің туындыларынан кем түспейтініне кім кепіл?

  3. Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ

    Ұят болған екен!

  4. Өте тебірентерлік жағдай екен. Елге алып келетинине қуанып отырмыз. Димаш аман болсын!

  5. Ең бастысы портретті өз елімізге алып келе жатқаны жақсы жаңалық! Жарайсыңдар!!!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*