Басты бет » Әлеумет » Жаңа міндеттерді айқындап берді

Жаңа міндеттерді айқындап берді

Еліміздің тыныштығы мен беріктігін нығайту, рухани жасампаздыққа қол жеткізу үшін дәстүрлі ислам кеңінен насихатталуы қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған: «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» — деген пікірін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен жүздесуінде тереңдете түсті. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің тәсілдерінің бірі екенін бүгінде жұртшылық та түсініп, осыған алаңдайды. Расында да, жастарымыз жат ағымдар жетегіне ерсе, еліміздің ертеңі не болмақ? Елбасының осыған жол бермеу мақсатында айтқан: «Діни сауатсыздығынан жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді» — деген пікірін көпшілік қуаттайды.

Сондай-ақ, діни құндылықтар дұрыс дәріптелуі үшін имамдар мен ұстаздардың сауатын арттыруға басымдық берілетін болады. Осы орайда жақын күндері өткен II республикалық имамдар форумында «Үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы және «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі —  Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» сынды маңызды құжаттар қабылданғанын атап өткім келеді.

 Айгүл ЕСЕТОВА,

облыстық дін істері басқармасы жанындағы

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*