Басты бет » Әлеумет » Әр жүректе ұлтжандылық болса…

Әр жүректе ұлтжандылық болса…

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың имамдармен өткізген кездесуіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеровпен қатар, еліміздің әр аймағынан келген имамдар, соның ішінде біздің облыстың имамы Төлеби Оспан да қатысты. 

Біздің халқымыз  — зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырған, өркениетті әлемге қадам басқан халық. Сонымен қатар, тереңдегі тамырымызға — көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге де әрдайым құрметпен қарап келеміз. Ата-бабаларымыз ұстанған салт-дәстүрлердің ешқайсысы да шариғатқа қайшы болған емес. Елбасы имамдармен кездесу кезінде бет-аузын тұмшалап, қара киім киюдің салтымызға жат екенін, халқымыздың ғасырлар бойғы түсінігінде, мұның тек қаралы жағдайға ғана тән болғанын атап өтті. Бұл — бүгінде көпшіліктің, әсіресе, дәстүрді берік ұстанған көнекөз қариялардың көзін көрген аға буын өкілдерінің көкейінде жүрген мәселе. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы Елбасы пікіріне үн қосып, қолдап-қуаттайтындықтарын жеткізгендер көп болды.

Жастайынан ұлтжандылыққа тәрбиеленген, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін ұрпақ ешқашан жат ағымдар жетегінде кетпейді. «Отанды сүю — иманнан» деген ұстанымды алға тартып, имамдарымыз жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, ел бірлігіне сызат түсірмеу мақсатындағы істерге әрдайым белсене атсалысып келеді. Елбасымен жүздесу кезінде де бұл мәселеге ерекше мән берілді. Елбасы имамдар уағызында Отанды сүю тақырыбына айрықша көңіл бөлінуі керектігін атап өтті. Осылайша, халқымыздың ынтымағын сақтау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жолында дін өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

 Жолдас ҚАЛМАҒАМБЕТОВ,

облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*