Басты бет » Жаңалықтар » Облыс әкімдігі қызметкерлері көмек қорына бір күндік еңбекақыларын аударды

Облыс әкімдігі қызметкерлері көмек қорына бір күндік еңбекақыларын аударды

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты да қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тасқыннан зардап шеккендерге көмек қолын созған жандардың барлығына алғыс айтқан болатын.

Су басқан учаскелер мен бекеттерді аралау кезінде мен ақтөбеліктердің көмекке зәру адамдарға бейжай қарамай, қолдау көрсетіп жатқандарын көрдім. Әсіресе кәсіпкерлер мен ұжымдарға, сонымен қатар көмек көрсетуде белсенділік танытқан еріктілерге, жастарға алғысым шексіз. Мұндай жағдайда біздің кез келген қиындыққа төтеп беретін бірлігіміз көрінеді, — деді Бердібек Сапарбаев төтенше жағдайларды ескерту және болдырмау бойынша облыстық комиссияның отырысы кезінде.

Тасқын салдарынан өңірде саяжайлардағы 850 үй мен ауланы су басып, бес саяжай үйі қирады. Бау-бақша ұжымы аумағынан 1907 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 71 адам құтқарылды.  Адамдарды уақытша орналастыру бекеттерінің тоғызында 792 адам бар, оның 347-сі — балалар.

Қала аумағында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған соң, зардап шеккендерге келтірілген шығын мен су басқан аймақта үй тұрғызу заңдылығын анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады.

19 сәуірде Ақтөбе су қоймалары қалыпты жұмыс тәртібіне көшті. Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларына тасқын судың құйылуы тоқтауына байланысты пайдаланудың қалыпты тәртібіне көшті. Ақтөбедегі жағдай тұрақты және облыс басшылығының үнемі бақылауында.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>