Басты бет » Әлеумет » Мемлекеттік қызметкерлер пікір алмасты

Мемлекеттік қызметкерлер пікір алмасты

Облыстық қаржы басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметкердің оң имиджі мен этикасы сынды мәселелерге ерекше маңыз берілді.

Жиналғандар алдында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің өкілі Селбай Қожықов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінен келген Болат Маханалин  мен Құралай Рашитовалар сөз сөйлеп, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін білдірді.

— Біз мұндай шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Мақсат — мемлекеттік қызметкерлер қашанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы екенін ұғындыру, оларға осыған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, сол арқылы мемлекеттік қызметте болу қаншалықты жауапты екенін жан-жақты түсіндіргіміз келді, — дейді облыстық қаржы басқармасының бас маманы Жанна Жанпейісова.

Дөңгелек үстелге осы салада еңбек етіп жүрген 20-дан астам маман қатысты.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>