Басты бет » Әлеумет » 887 келі азық-түлік берілді

887 келі азық-түлік берілді

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұйымдастыруымен бастау алған «Ақтөбе асары» акциясы аясында үш күн ішінде 887 келі азық-түлік үлестірілді.

«Нұр Ғасыр» мешіті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, акцияның үшінші   күнінде 26 отбасына көмек көрсетілді. Сондай-ақ, зардап шеккен отбасылар уақытша  орналастырылған №10 орта мектепке 123 келі азық-түлік, оның ішінде көкөністер, ет, макарон өнімдері мен күнбағыс майы сынды күнделікті ең қажетті тағамдар апарды.     Заттай көмек ретінде азық-түліктен басқа, жылы киім-кешек, жамылғылар да қабылданып жатыр. Мешіт қызметкерлері ерлер мен әйелдердің, балалардың киімдерін жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп, көмек алушылардың іздегенін тез табуына жағдай жасап қойды.

Қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр. Заттай көмек көрсетуге ниет білдіргендер қаладағы барлық мешіттерге хабарласа алады. «Ақтөбе асары» қайырымдылық акциясын қаржылай қолдайтын азаматтар үшін мешіттерде жәшіктер орнатылған және QIWI қызметіндегі  8-778-156-55-24 нөмірі бойынша ашылған шотқа да ақша аударуға болады.

 Өз тілшіміз.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>