Басты бет » Әлеумет » Кезекті жәрмеңкелер Ақтөбеде және ауылдық округтерде өтеді

Кезекті жәрмеңкелер Ақтөбеде және ауылдық округтерде өтеді

Қаламыздың тұрғындар көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасады.

Кезекті жәрмеңкелер 22 сәуір күні Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінде, «Металлург» мәдениет үйі ғимаратының алаңында, «Алтай» базары және қаланың 12-шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ) өтеді.

Қала тұрғындарына жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жылыжай шаруашылықтарының  («Рамазан», «Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Ақтөбе Жылыжай»,  «Риол», «Жазық Групп» ЖШС, т.б.). өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

 Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі.        

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>